Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен № 9 емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Емханаға кіру жолдары Мәңгілік Ел даңғылы жағынан қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелер құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында, осы жылдың 15 сәуірі мен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен № 9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.

Фото: Астана әкімдігі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осыдан бұрын қоғамдық көлік жүйесіне қомақты қаржы бағытталғанымен, елордада жеке автокөлікке деген сұраныс бәсеңдеген жоқ. Тіпті тоғыз балдық кептелістің өзінде жеке автокөлік неліктен қолайлы болып отыр – осы мәселенің себеп-салдарын Kazinform агенттігінің тілшісі саралады.