Астанада "Абырой" қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры веб-сайтының тұсаукесер рәсімі өтеді

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Ертең www.abyroi.kz веб-сайтының тұсаукесер рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қорының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қордың басты қызметі - республика көлемінде, сонымен қатар шет елдерде қазақ мәдениеті мен тілін дамытуды қолдау. Таратып айтар болсақ, қазақ тілін насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейту; қазақ елінің мәдени, әдеби, рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау; қазақ тілін еуропалық стандартқа сай жаңа тәсілмен оқыту және оқыту курстарын ұйымдастыру; қазақ тілі мұғалімдерінің білімдерін жетілдіру мақсатында арнайы курстар ұйымдастыру.