— Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды, Астанада адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісі жазаланды делінген хабарламада.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын еске салады.
Бұған дейін Алматыда автобус жүк көлігімен соқтығысып, төрт адам зардап шеккен еді.