"Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.
Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды", - деп жазды Антикордан.
Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.