Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы 6.49-да болған. Автобус (51 бағыт) «Тұран» мейрамханасы маңындағы аялдамадан шығып, Момышұлы көшесімен келе жатқан. Келесі көше қиылысына (Тәуелсіздік даңғылы) жетпей, автобус таксимен соқтығысты.
Автобус таксидің артқы жағынан соғып, шұғыл сол жаққа бұрылды, ал такси соққы екпінімен 10 метрге дейін ұшып кетті. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.