Астанада әдебиетші Мұрат Әуезов пен жазушы Анатолий Ким оқырмандармен кездесуде
17:48, 11 Наурыз 2009
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Астанадағы Президенттік мәдениет орталығының оқу залында белгілі мәдениеттанушы, Мұхтар Әуезов атындағы қордың президенті Мұрат Әуезов пен жазушы Анатолий Кимнің оқырмандармен кездесуі өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш басқосуға Президенттік мәдениет орталығының президенті Мырзатай Жолдасбеков, драматург, аудармашы Анатолий Ким қатысуда. Кездесу аясында «Мұхтар Әуезов ? қазақ әдебиетінің алтын діңгегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, республика бойынша міндетті түрде оқылатын әдебиеттер қатарына кірген Мұхтар Әуезовтің шығармалары талқылануда.