Астанада Адольф Аданның «Корсар» балетінің премьерасы қойылады

Астана. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Зүлфира Мағзұмова/ - Маусымның 23-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Күләш Байсейтова атындағы Ұлттық опера және балет  театры Адольф Аданның «Корсар» балетінің премьерасын қояды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Балетті қоюға Ресейдің Үлкен театрының балетмейстері, КСРО халық әртісі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, А.Я.Ваганова атындағы орыс балеті академиясының профессоры, «Достық» орденінің иегері Юрий Григорович шақырылды. Балетке театрдың жетекші әншілері, халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары Серік Кәуіков, Жандос Әубәкіров, Тайыр Ғатауов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайруз Құрманқожаева және басқалары қатысады. Дж.Байронның поэмасы ізімен «Корсар» балеті алғаш рет Үлкен Париж операсының сахнасында 1856 жылы, одан екі жылдан соң  Петерборда Үлкен театрдың сахнасында қойылды. Балеттен  Дж. Байрон прототиптеріне арқау болған бостандық сүйгіш, берік рухты жандардың және  романтиканың басымдығын көруге болады.

 «Корсар» балетінің авторлары -  А.Сен-Жорж және Ж. Мазилье, ал композиторы - А. Адан, балетмейстері - Ж. Мазилье.