Астанада Адырна көшесі ішінара жабылады
18:49, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Адырна көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .
3-13 тамыз аралығында Күмбел және Тұрысов көшелері бойынша жолдар көлік қозғалысы үшін жабылады. Шектеу жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты орын алып отыр.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.