Астанада аграрлық университет өртенді

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші қабатында электр тұстамасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Лапылдаған отты көрген 400 адам далаға ытқып шықты. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы мен 40 адамы тартылды. Абырой болғанда, ешкім де зардап шеккен жоқ.