деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар бойынша жедел іс-шаралар басқармасының жетекшісі Еркен Сәкеновтың хабарлауынша, қалада 12 сағат бойы жауған жаңбырдың салдарынан Әлімжанов көшесі, 44/2 мекен-жайында азамат Лебедьтің отбасы тұратын баспананы су басып, соның салдарынан үйдің бір жақ қабырғасы жарылып, құлап түскен. Шілденің 27-сі күні 4 адамнан тұратын отбасы осы оқиға бойынша көмек сұрап Астана қаласының әкімдігінде болды.