Астанада AKASHI DATA CENTER кеңсесіне тінту жүргізілді
19:33, 19 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада тәртіп сақшылары AKASHI DATA CENTER кеңсесіне тінту жүргізді. Түбі ресейлік кәсіпкер Тимур Турлов бұл компанияның бенефициарларының бірі саналады.
— Астана қаласы ПД Байқоңыр аудандық Полиция басқармасының өндірісінде бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде иемденіп алу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу аясында тінту шаралары тергеу сотының санкциясымен жүргізілді, - делінген қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Кеңсе Abu Dhabi Plaza ғимаратында орналасқан. Мәліметтерге сай, фирманың корпоративтік және қаржылық құжаттамалары тексерілген.
Полиция департаменті ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.