«Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Ұлым Арман екеуміздің жазған көптеген музыкалық шығармаларымыз бар. Солардың бірқатарын көрермендер назарына ұсынуды жөн көрдік»,- дейді Астана қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.
Осы кешке танымал өнер иелері де шақырылған. Олар қос композитордың туындыларын орындайды.
Аталған шығармашылық кеш «Шаттық Елі» деп аталады. Айта кету керек, республикалық конкурстардың лауреаты, композитор Арман Жайымның күрделі музыкалық туындылары елімізде және шетел сахналарында орындалып жүр. Бүгін өтетін кеште де «Бибарыс» операсынан үзінді сахналанады, сондай-ақ арияларға, «Төле би» контатасының бір бөлігіне кезек беріледі.