Астанада Ақмешіт көшесі толық жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қыркүйекте елордада Ақмешіт көшесінің Алматы көшесінен Керей мен Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бұл көше 27 қыркүйекке дейін жабылады.

Осыған байланысты елордалық жүргізушілер қозғалыс маршрутын алдын ала жоспарлаулары тиіс.