"Бұл көрме екi түрлi құрлықта және уақытта түсiрiлген екi кешеннен тұрады. Солтүстiкамерикалық фотосуреттердiң жиынтығында 1904 және 1929 жылдары танымал америкалық этнолог Эдвард Кертиспен түсiрiлген және онда АҚШ-тың жергiлiктi тұрғындары бейнеленген. Қазақтардың суреттерiн Александр Кун 1868 бен 1871 жылдар аралығында түсiрiп, алып қалған", - дейдi ҚР-дағы АҚШ-тың Уақытша сенiмдi өкiлi Джон Ордвей.
Оның сөзiне қарағанда, фотосуреттердегi бiрқатар элементтер ұқсас, сондықтан екi халықтың туыстық жақындығы, бiртектестiгi туралы сөз қозғауға негiз бере алады. "Өте таңқалдыратын кейбiр суреттер бар. Олар өте ұқсас. Бiрiншiден, екi халық та көшпелi өмiр салтын ұстанған. Қарап тұрсақ, сырт келбеттерi, дәстүрлерi мен тұрмысы да бiр-бiрiнен айнымайды. Бұл халықтарда бiр өмiрлiк құндылықтар болған. Қазақтар мен солтүстiкамерикалық үндiстер бiр тамырдан, Алтай өңiрiнен тараған деген теория да бар. Ол рас не өтiрiгiн бiлмеймiн, дегенмен екi құрлықтағы халықтардың өмiрi туралы ойлануға мәжбүрлейдi", - деп атап өттi ол.
Шараға Қазақстанда тiркелген шет мемлекеттердiң дипломаттары, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi, сонымен қатар көшпелi халықтардың тарихын зерттеп жүрген мамандар қатысты. Көрме 15 тамызға дейiн жалғасын таппақ.
"Туған жер" жобасын Астана қаласы әкiмдiгiнiң қолдауымен ҚР-дағы АҚШ Елшiлiгi ұйымдастырды.