Бұл туралы бүгін брифинг барысында БАҚ өкілдеріне Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымxан Сенғазыев мәлім етті.
"Халықпен кері байланыс орнату үшін Facebook әлеуметтік желісінде "Астаналық білім беру #bilimastana тобы және Астана қаласы білім басқармасы жетекшісінің парақшасы ашылған. Сонымен қатар Астана қаласы білім басқармасының "жедел желісі" қызмет көрсетеді. Телефон нөмірлері: 55-01-62, 8-778-255-01-62. Сондай-ақ 8-778-255-01-62 нөміріне Whatsapp арқылы xабарлама жіберуге болады. Сонымен қатар СМС xабарлама жүйесі де іске қосылған. Оны 8-701-588-99-66 нөміріне жіберуге болады", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Оның сөзінше, жедел желі 21 маусымнан бері жұмыс жасауда. 4 ай ішінде 560 шағым түссе, оны 85-і мектептерде заңсыз ақша жинауға байланысты болып отыр.
Басқарма басшысының айтуынша, Астананың бірқатар мектептерінде турникеттерге жарна жиналуда. Ол ақша балалардың мектептен кіріп-шығуын қадағалау үшін, ата-аналарға смс-xабарламалар жіберу үшін алынады.
"500 теңге көлеміндегі аталмыш жарна ұялы байланыс операторларына төленеді. Ата-аналар балаларын мектепке қай уақытта кіргенін, қай уақытта шыққанын біліп отырғысы келсе, аталмыш жарнаны төлейді. Дегенмен оны міндетті түрде төлеуі тиіс деген талап жоқ", - деді Қ. Сенғазыев.