Астанада актер Джеки Чаннан аумайтын адам табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Джеки Чаннқа қатты ұқсайтын адамды фотоға түсіріп алған.

Facebook пайдаланушы Жан Каримов өз аккаунтында бұл фотоны 38 автобуста кездесіп, түсіріп алғанын жазған. Өкінішке, орай оның аты-жөні белгісіз.

Джеки Чан - Голливудтағы ең танымал қытайлық актер. Оның шын аты - Чан Конг-Санг. Джеки есімін ол Канберрада (Австралия) құрылыста жұмыс істеп жүргенде алған. Ол кинодағы мансабын Брюс Лимен фильмде каскадер ретінде ойнаудан бастаған. Мансабында 100-ден астам киноға түскен, ол -әлемдегі ең атақты азиялық актерлердің бірі. «Каскадерсыз өзі орындаған ең қауіпті трюк» номинациясында әлемдік Гиннес рекордына кірген.