АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні елордада алғашқы ақылы тұрақ өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«27 мамырда 422 орынға арналған «Нұрлы жол» желек жолындағы ақылы көлік тұрағын ілкі іске қосу жоспарланып отырғандағын айтқан абзал. Бұл ақылы режімде жұмыс істейтін ең бірінші аумақ болмақ. Ол жердің қазіргі уақытта инфрақұрылымы дайындалып, арнайы белгілер орнатылған», - деді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы елорданың сол жағалауында шамамен 9 мың автомобиль сиятын ақылы көлік тұрақтары болатындығын атап өтті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.