Астанада ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон өтіп жатыр

АНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясына арналған ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл ұлы ақынның жалпы болмысын, жаратылысын, тумысын, ұлттық ірілігін байқататын бас қосу деп білемін. Мағжан туралы тәуелсіздік алғаннан бері айтылып келе жатқанымен, бірақ әлі де аздық етеді.  1937-1988 жылдар аралығында Мағжанның,  тіпті атын атауға болмайтын, еске алудан үркетін қиын жағдай өткен еді», дейді. С.Сейфуллин атындағы мұражайдың директоры, ақын Серік Тұрғынбекұлы.

Алқалы жиынға ҚР Ұлттық  академиялық кітапханасының директоры Рақымжан Отарбаев, ақын Мұхтар Шаханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті аймақтық саясат және кітапханалар басқармасының бастығы Серғазы Тәуекелов, М.Жұмабаевтың ағасының немере қызы Сәуле Мүслімова және тағы да басқа танымал азаматтар қатысуда.