«Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылғын әр қазақ жақсы біледі. Т.Молдағалиевтың 80 жылдығына арналған тақырыптық сөрелер жасалынады. Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы слайд арқылы таныстырылып, өлеңдерінен үзінділер оқылады», - дейдi ұйымдастырушылар.
Тұманбай Молдағалиев шығармаларына заманымыздың дарынды композиторлары Сейдолла Байтереков, Шәмші Қалдаяқов, Кенжебек Күмісбеков, Еркеғали Рахмадиевтар ән шығарды. Нұрғиса Тілендиевтің «Арманымның ақ құсы» әні халықтың сүйіктісіне айналды. Ақын сөзіне жазылған «Куә бол», «Жүрегімнің сөзі», «Сен менің әнімсің», «Сарыарқа», «Жан досым», «Көктем келді» және басқа да танымал әндер ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса бермек.
Шараға қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.