Астанада «Альт музыкасының кеші» атты симфониялық оркестрдің концерті өтеді
Бағдарламада Т.Қажығалиевтің «Дала аңызы» симфониялық сиютасы, Ц.Франктың «Оркестрмен альт үшін концерт» орындалады.
Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.
Солист - халықаралық конкурстардың лауреаты Алексей Людевиг (альт, Санкт-Петербор).
Алексей Людевиг Санкт-Петербор қаласында дүниеге келген. Әкесі Алексей Людевигтен, Юрий Башметтен, Дмитрий Шебалиннен, дирижерлік класс бойынша Марис Янсонстан тәлім алған.
Музыкант солист ретінде Берлин радиосының оркестрімен, Санкт-Петербор, Новосібір филармонияларының оркестрлері және т.б. көптеген ұжымдармен өнер көрсетіп, Мстислав Ростроповичтің "Rencontres Musicales d'Evian", Дмитрий Ситковецкийдің "Korsholm Music Festival", Санкт-Петерборта өтетін "Ақ түндер", Нью-Йорктегі "Bachanalia Festival", Флоренциядағы «Suoni e Colori», Монпельенің "Radio France", "Schlezwig-Holstein" және т.б. фестивальдерге қатысты.
Алексей Людевиг - «Новый Серебряный Век» фестивалінің көркемдік жетекшісі. Константин Орбелянмен бірлесіп «Дворцы Петербурга» фестивалін ұйымдастырды. Лозаннаның Камералық оркестрі альттерінің, Кент Наганоның шақыруы бойынша Тулуза камералық оркестрінің, «Academy St.Martin in the Fields" концертмейстері қызметін атқарды.
Музыкант репертуары бароккодан қазіргі заманғы композиторларға дейінгі туындыларды, соның ішінде Алексей Людевигке арналып жазылған шығармаларды қамтиды. Бұл үш ғасыр ішінде адамзаттың қолы жеткен өнер мұрасы. Ол орыс композиторларының шығармаларын әлемдік деңгейде танытты (Успенский, Сапожников, Слонимский).
Музыканттың өнеріне тамсанған Француз жұртшылығы: "Алексей Людевиг өз аспабының құлағында ойнайды, оны адамның дауысына лайықтаудың шебері..." деп бағалады.
Бүгінгі таңда Алексей Людевиг жеке орындаушылық қызметімен қатар, өзі құрған "St. Petersburg Chamber Soloists" ансамблінің құрамында өнер көрсетеді, шеберлік сабақтарын жүргізіп, Санкт-Петербор консерваториясы мен коллдеджінде ұстаздық етеді.