АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Алаш тасжолының жөндеу жұмысының уақыты ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Астанада Алаш тасжолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыс учаскесінің ұзындығы — 400 метр.
— Бұл ретте көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Астанада Ш. Уәлиханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылатынын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.