Бұл туралы бүгін Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, сотталушы алаяқтық жасап, 18 зардап шегушіден жалпы сомасы 53 605 760 теңгені құрайтын ақшаны жымқырған.
Астана қаласындағы №2 Есіл аудандық сотының 2017 жылдың 21 ақпанындағы үкімімен, У. есімді азаматша бөтеннің үлкен көлемдегі мүлкін алаяқтықпен иемденгені үшін және сенімге қиянат жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан Республикасының «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес және кәмелеттік жасқа толмаған 5 баласының бары ескеріліп, жазасын өтеу мерзімі жартылай қысқартылды. Оның мүлкі тәркіленіп, жалпы режімдегі түзету колониясында 3 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.