«Астанадағы алаяқтардың жалпы әлеуметтік кескіні: ол орта арнаулы білімі бар, көбіне жұмыссыз, қарым-қатынасқа бейім, тез тіл табысқыш 20-40 жас аралығындағы ер адам», - делінген баспасөз баянында.
Айта кетерлігі, кескіні анықталған тұлғалармен жасалған құқық бұзушылықтар саны соңғы уақытта 2,5 есе немесе 30-дан 74-ке артқан. Бұл кәсіби алаяқтықтың өрбіп бара жатқанын көрсетеді.
«Көп жағдайда түрлі қызметтер ұсыну (ипотека, жер учаскелерін сату, қарыз алу туралы шарт жасасу) саласында орын алатын қылмыстар таныс адамдардың бір-біріне тым сенуінің салдарынан болып отыр. Әдетте алаяқ өзін жәбірленушінің пайдасына әрекет ететін тұлға ретінде көрсетіп, азаматтардың сеніміне тез кіреді, сөйтіп оларды алдап, арбап, ақырында олардың ақшасын немесе мүлкін иемденіп алады», - делінген баспасөз баянында.