Астанада алдағы күндері ауа райы жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада осы аптада ауа райы айтарлықтай жылы болады. «Қазгидромет» РМК мамандарының хабарлауынша, республиканың шығысында орналасқан антициклон тармағы еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді. Алдағы үш күнде қала аумағында ауа райы жылы әрі ашық болады.

Бүгін елордада ауа температурасы 22°С болады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ертең синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы күндіз 28, түнде 15°С, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Сәрсенбі, 9 қыркүйекте Астанада күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауа температурасы 29-31°С, түнде 14-16 °С болады. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 12 қыркүйекке дейін ауа райы жылы болады.