«21-22 сәуірде Астанада күн жауын-шашынды (қар аралас жаңбыр) болады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы төмендейді», - деп болжайды синоптиктер.
Айта кетейік, Ақмола облысында да ауа температурасы төмендеп, қар жаууы ықтимал.
Ал демалыс күндері, синоптиктердің болжамынша, жылы күн райы сақталады. Бүгін Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысқан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғуда, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 3 5°С, күндіз 15 17°С.
«Ертең, 20 сәуірде, Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 3 5°С, күндіз 14 16°С» делінген хабарламада.