Синоптиктердің болжамынша, ертең Астана қаласында ауа райы өзгереді. Ресейдің Еуропаға жақын аймақтарынан Қазақстанға қарай жылжыған циклон салдарынан Астанада бірнеше күн бойы өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Шілденің 21-і күні көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 16 18°С, күндіз 27 29°С болады. 22 шілдеде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы күндіз 27 29°С, түнде 16 18°С болады.
11:18, 20 Шілде 2015
Астанада алдағы күндері жаңбырлы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, бүгін елордада ауа температурасы күндіз +26+28°С, түнде +12+14°С болады, солтүстік-шығыстан 14 м/с жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды astana.kz.