Астанада алдағы күндері жауын-шашын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады, деп жазады astana.gov.kz.

Бүгін, 21 қыркүйекте, республикамыздың астанасында көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 11 13°С, түнде 9 11°С болады.

Сейсенбі күні, 22 қыркүйекте, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 3°С, күндіз 10 12°С жылы болады.

23 қыркүйекте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз 12 14°С болады деп күтілуде.