«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 2 мамыр сәрсенбі күні қалада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғып, екпіні 15-20 метр болады. Түнде температурасы 3... 5°С, күндіз 11... 13°С.
Бейсенбі 3 мамырда көшпелі бұлт шығып, күндіз жауын жауады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Температура түнде 0... 2°С, күндіз 11... 13°С.
Жұма, 4 мамырда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жел батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 3... 5°С, күндіз 16... 18°.