Ертең, 19 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -0,... 2°с, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Сәрсенбі, 20 наурызда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде-11-13°С, күндіз 1 3°С құрайды.
21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік- шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.Сынап бағанасы түнде -7...-9°С, күндіз 2... 4°С көрсетеді.