Оның сөзіне қарағанда, Астанада осы уақытта 65 мемлекеттік мектеп бар. Олардың барлығы да жаңа оқу жылына дайын. Сонымен қатар Абай мен Тілендиев даңғылдарының бойында орналасқан жаңа мектеп те биыл іске қосылады. Бұған қоса биылғы жылдың соңына дейін Көктал, Ильинка ауылдары мен Тілендиев даңғылының оңтүстігінде, сондай-ақ елорданың сол жағалауының әкімшілік орталығының маңайында орналасқан 4 мектеп те пайдалануға беріледі. «Егер жыл соңына дейін аталған мектептердің актілері мен қажетті құжаттарының барлығы дайындалатын болса, оқу жылының екінші жартысында біз осы білім ошақтарында балаларды оқыту жұмысын бастаймыз. Бұған біз қазірдің өзінде дайынбыз», деді басқарма бастығы.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада осы уақытта 65 мемлекеттік, 14 мемлекеттік емес және 1 кешкі мектеп бар.