Астанада алдағы жылы төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, үстіміздегі жылы денсаулық сақтау нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордада 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлады astana.kz.

Атап айтқанда, 1 нысан психохрониктерге арналған емдеу-өндірістік шеберханасына арналған. Сонымен қатар, келесідей денсаулық сақтау нысандарының құрылысы 2015 жылы аяқталады: 1. Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшелердің қиылысындағы 250 орынға арналған қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы; 2. «Железнодорожный» тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы; 3. Сол жағалауда орналасқан амбулаториялық-емхана кешені (бір ауысымда 350 ересекті қабылдауға арналған емхана, бір ауысымда 150 балаға арналған емхана); 4. Бір ауысымда 150 келушіге арналған 250 кереует-орынға арналған медициналық-санитарлық оңалту орталығы.