Астанада әлемдік стандарттарға сәйкес жілік майы трансплантациясы гематологиялық бөлімі ашылады

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Елордада Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы базасында жілік майы трансплантациясы гематологиялық бөлімін құру үшін жоспарлы қайта құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы astana.kz сайтына ведомстводан хабарлады.

Әлемдік стандарттарға сәйкес болатын бөлім жылына 50-ден астам жілік майын ауыстыру операциясын жасауға мүмкіндік береді. Ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты науқастардың барлығын күту парақтарымен қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды. Себебі әуел бастан бұл ғимарат жедел жәрдем көрсетуге арналған еді, ғимараттың өткізу қабілеттілігі жылына 5 трансплантациядан аспайды.
Бүгінгі таңда Астанада жілік майын ауыстыру бойынша, соның ішінде аллогендік (туыс донордан) және гаплоиденттік (үйлесімділігі бойынша 50% сәйкес келетін ата-аналардан) 20-дан астам ота жасалды.
Гематология саласында инновацияларды енгізуде (атап айтқанда, жілік майын трансплантациялауда) Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығының келешегі зор. Бөлімде 250 кереуеттік көпбейінді құрылым жасалған, орталық қазірден бастап халыққа жілік майы трансплантациясы және химиотерапия бойынша бірегей технологияларды ұсынып отыр.