Астанада әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрерменді жиналды.

Фото: Астана әкімдігі

Шоуды әлемге танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Оған әлемдік мәнерлеп сырғанау спортшылары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және басқа да белгілі спортшылар қатысты.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шоуға қызығушылық жоғары болды. Көрермендер қатарында тек елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның әртүрлі аймағынан және жақын, алыс шетелдерден келген адамдар болды.

Мұндай ауқымды іс-шаралардың өткізілуі Астананың халықаралық спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада өткен ұлтаралық айтыста Эльдана Габерман күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.