Астанада әлемге танымал «Steinway» музыкалық брендiнiң өкiлдiгi ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Халық әртiсi Айман Мұсақожаева мен Венгрияның тұңғыш ғарышкерi Бертален Фаркаш елiмiзде ашылып отырған ең алғашқы «Steinway and Sons» музыкалық аспаптар шығаратын әйгiлi бренд өкiлдiгiнiң ашылуына қатысты.

"Бұл орталықтың "Астана Опера" театрының қарама-қарсы тұсында орналасуының өзiнде үлкен мән бар. Бұл шынымен елеулi тарихи оқиға. Себебi осынау деңгейдегi әлемдiк бренд бiздiң Қазақстанға келiп отыр. Астанада барлығы бар, ашылуы тиiс нәрсенiң барлығы ашылған секiлдi, дегенмен бiз бүгiн "Steinway" брендiнiң ашылуына куә болып отырмыз", - дейдi А. Мұсақожаева.

Оның сөзiне қарағанда, бұрын қазақстандық музыканттар өзiне лайықты аспап таңдау үшiн Германияға немесе АҚШ-қа сабылтып, алыс жол жүруге мәжбүр едi, ендi оны елордада да сатып алуға болады.

Венгрияның тұңғыш ғарышкерi Бертален Фаркаш, Steinway өкiлдiгiнiң ашылуына қатысып, Астананың көз тоймас көркiне және тарихи оқиғаның бiр бөлшегi болғанына ерекше қуаныш бiлдiрдi. "Астана - өте көрiктi қала. Қазақ халқы аса қонақжайсыздар. Барлығы тамсандыруда. Осы оқиғаға арнайы ат басын тiредiм, осы жерде тап болғаныма дән ризамын", - дейдi ол. "Рахманинов, Петров және көптеген ұлы музыканттар "Steinway" аспаптарында ойнаған жан, өзге құралдарға жолағысы келмей қалады" деп бұл брендтi ерекше әспеттеген. Мiне, бүгiн сол атақты "Steinway" бiздiң елiмiзде де өкiлдiгiн ашып отыр. Әрине бұның барлығы бiздiң Мемлекет басшысымыздың мұқалмас беделiнiң, барша Қазақстанның абыройының арқасында мүмкiн болды. Әлемнiң көптеген елдерi осы брендтiң ашылуын аңсап күтiп жүр. Себебi бұл бiрегей аспаптар, нағыз өнер туындысы", - дейдi өкiлдiктiң басшысы Тiлдаш Битуова.

Компанияның Орталық және Шығыс Еуропадағы аймақтық менеджерi Антон Вильгельм, "Steinway" компаниясының тұжырымдамасы - ол ең бастысы өнерге ортақтас болу екендiгiне ерекше тоқталды. "Бұл, сөз жоқ, коммерциялық жоба. Дегенмен бiз үшiн ол басты мақсат емес, бiз үшiн ең бастысы - халықтарды өнерге тарту, мiнсiз аспаптарда ойнау. Кез келген адам, кәсiби музыкант немесе қарапайым тұрғын бiзге келiп, аспаптардың бiрiнде ойнай алады. Мұндай мүмкiндiктер бiздiң барлық өкiлдiктерiмiзде жасалған", - деп атап өттi ол. Iс-шараға Астана әкiмдiгiнiң өкiлдерi, кәсiби музыканттар мен шетел дипломаттары қатысты. «Steinway& Sons» - әйгiлi Страдивари сынды брендтермен деңгейлес тұрған аспаптар шығаратын ең iрi әрi көп жылғы тарихы бар корпорация.