Курстың негізгі мақсаты - нейрохирургтерге осы саладағы аурулар мен оны қазіргі заманғы емдеу тәсілдері туралы ақпараттар беру.
Астанада Орталық базасында өткізілетін бірінші курс нейроонкология, функционалдық нейрохирургия мен нейрожарақаттар мәселесіне арналады.
astana.kz сайтының жазуынша, курсқа қатысу үшін Қазақстан астанасына Ресей, Франция, Чехия, Эстония, Түркия, Израиль, сондай-ақ өзге де мемлекеттерден дәріс оқып, пациенттерге дәрігерлік кеңестер беру үшін белгілі нейрохирургтер келеді.
Лекторлардың арасында Чехиядан Нейрохирургия қоғамдастығы Еуропалық қауымдастығының президенті Владимир Бенеш пен Дүниежүзілік нейрохирургия қоғамдары федерациясы Білім комитетінің төрағасы, профессор Йоко Като және басқа да танымал ғалымдар болады деп күтілуде.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасы А.Кен және басқалар қатысуы жоспарланған.