Конгрестің бірінші күні жас әлеуметтанушылар форумы, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған семинарлар ұйымдастырылуда.
Екінші күні Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналған «Астана жетістіктер мекені - Еуразия төріндегі жаңа қала, жаңа идеялар, жаңа шынайылық» атты пленарлық отырысы өтеді.
Конгресс жұмысына шетелдік әлеуметтанушы мамандар да қатысуда, атап айтқанда Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының вице-президенті, әлеуметтану ғылымдарының докторы Элоиза Мартин, одан бөлек Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ, Германия елдерінің өкілдері қатысуда.
Айтулы шарада қаралып жатырған өзекті мәселелер ол - азаматтық қоғамды құру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және БҰҰ-ның даму бағдарламасы аясындағы әлеуметтік зерттеулерді таныстыру.
Конгресс барысында елімізде әлеуметтану ғылымының дамуына үлес қосқан әлеуметтанушы ғалымдар марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конгресс жұмысының нәтижесі бойынша материалдардың жинағы «Әлеуметтану - Sociology» журналының арнайы басылымы әзірленеді.
Айта кетейік, аталған шараның ұйымдастырушылары - ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның әлеуметтанушылар қауымдастығы қоғамдық ұйымы.