Астанада әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық технологиялар жүйелері талқыланады
2015 жылдың 2-4 қыркүйек күндері Тәуелсіздік сарайында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» |АҚ және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының ұйымдастыруымен әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша XIV халықаралық конференция өтеді.
Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.
Конференция барысында әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы АКТ-ның біріктірілген, бұқаралық жүйелері қарастырылып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы АКТ негізінде бірыңғай стандарттар мен шешімдер қабылдау мәселелері талқыланды.