«Шынымен де астық бағасы түсіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан қаланы әлеуметтік маңызы бар нанмен қамтамасыз ету үшін ірі ұн өндіретін компаниямен келісім жасадық. Соның аясында әлгі компания бізге 5 мың тонна ұн бөледі», - деді басқарманың басшысы Өңірлік коммунакациялар орталығында өткен брифингіде.
Айтуынша, бұл келісім қаладағы әлеуметтік нан бағасын 95 теңгеден асырмай ұстауға мүмкіндік береді.
«Біздің нан өндірушілер осы ұннан жыл бойы дүкен сөрелеріндегі бағасы 95 теңге болатын нан өндіре алады. Ұн өндіретін компания нан өндірушілерге ұнды тікелей жеткізіп тұрады», - деді әкімдік өкілі.