Астанада әлеуметтік нысандардың 90 пайызы жылыту маусымына дайын

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған 2455 әлеуметтік нысанның 2335-і немесе 90,5% жылыту маусымына дайын. Атап айтқанда, 2146 тұрғын үй, 28 денсаулық сақтау, 152 білім нысаны және 9 мәдениет мекемесі.

Астана қаласы энергетика басқармасының хабарлауынша, 2016-2017 жж. жылыту маусымы басталғанша энергокешен толықтай дайындық төлқұжатын алады, ал басқа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер 100% дайын болады.

Алдағы жылыту маусымына дайындық пен энергокешенді техникалық ақаусыз жағдайда сақтау аясында «Астанаэнергосервис» АҚ күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алды.

«Астана-Энерго» АҚ басты және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде ЖЭО-1 - 85%, ЖЭО-2 - 73%, ал аудандық қазандықтар 88% дайын.

«Астана-Теплотранзит» АҚ күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,15 км магистральді желі қайта жөнделді. Қазіргі кезде ұзындығы 1,432 км тарату желісін күрделі жөндеу және 3 698 шаршы метрлік құбырдың жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, «Астана-РЭК» АҚ-да 110 кВ-тық әуе желісін күрделі жөндеу, 10 кВ-тық және 0,4 кВ-тық әуе желілері мен жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.