Әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында құрылған Жұмыс тобы құрамына Бас прокуратураның, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Кәсіподақтар федерациясының, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, азаматтық қоғам және ғылыми топтардың өкілдері кіреді.
Отырыс шеңберінде басым бағыттары Елбасының бағдарламалық құжаттарында қойылған міндеттерді жүзеге асыру контекстінде топтың қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Қатысушылармен тиянақты пікір алмасулар барысында еңбек қатынастарында медиацияны дамыту, еңбек заңнамасының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, кәсіподақтардың рөлін күшейту және осы саладағы ведомствоаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударылды.
Отырыстың нәтижелерін қорытындылай келе, Омбудсмен, еңбек қатынастарында тараптарының мүдделерінің тұрақты теңгерімін, ең алдымен, қолданыстағы заңнамаға және жалпыға танылған халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың еңбек құқықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.