Қатысушылар велосипедпен 15 шақырым қашықтықты бағындырып, жартылай марафонда 5 шақырымға жүгіреді. Жолдың жалпы ұзындығы мерекелік датаға орайластырылған. Спорттық шара 29 тамызда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда сағат 10.00 басталады. Қатысушыларды тіркеу жарыс өтетін аумақта жүргізіледі және сағат 07:00 басталады. Дуатлонға ынта білдірген адамдардың барлығы қатыса алады. Айта кетейік, осы сияқты жарыс барша әлем бойынша ірі қалаларда тұрақты түрде өткізіледі және кеңінен тараған.
12:02, 21 Тамыз 2015
Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді
АС ТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай елордада алғаш рет «Астана-дуатлон 2015» жарысы өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.