Операцияны С.С. Мұхаметқалиев («№ 2 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК жүрек-қан тамыры хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі) пен Е.Ж. Медетовпен («Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ нейрохирургі) бірлесіп жүргізді.
65 жастағы науқас № 2 қалалық аурухананың жүрек-қан тамыры хирургиясы бөлімшесіне сол жақ қолы күретамырының жіті тромбоэмболиясының 2 дәрежесі жағдайында түскен. Оған ота жасау шешімі қабылданады. Сол жақ қолына айқындағыш зерттеу, күретамырларындағы ұйыған қанды ашық операция жасау арқылы алады. Жасалған операциядан кейін 20 минут өткен соң, дененің сол жақ бөлігінің қозғалысы толығымен қалпына келеді. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсы.
№ 2 қалалық аурухананың жүрек-қан тамыры хирургтарының жоғары дәрежедегі біліктілігі және аурухананың заманауи медициналық құралдармен жабдықталу нәтижесінде науқастың өміріне араша түсу мүмкін болды.
Статистикаға сүйенсек, жоғарыда аталып өткен диагноз бойынша 90% жағдайда науқастар түрлі ауыр дәрежедегі мүгедек болып қалады екен. Клиниканың жоғары білікті мамандары жүрек-тамыр ауруларын емдеуде аталған әдісті одан әрі қолданбақ ниетте.