«Қатысушыларға бірнеше маңызды тақырып берілген.Нақтырақ айтқанда, 2016-2020 жылдар аралығында ISO стратегиясын Қазақстанда кешенді түрде жүргізу, мүмкіндіктерді кеңейту сонымен бірге, әлемнің көптеген елдері кәсіпорындарының тәжірибелерін үйрену сынды талаптар қойылған.
Жиынға алдын ала келісім бойынша, 20 елдің техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы бас менеджерлер келді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін басты бағытттардың бірі - индустриялану, өндірістің дамуы мен жаңа технологиялардың енгізілуі .Бұл орайда барлық халықаралық талаптар қатаң сақталу керек. Айта кетейік,Қазасқатан 1994 жылдан бері ISO-тың толыққанды мүшесі болып табылады. Ұйым халықаралық стандарттарды жариялау мен құрастыру бойынша әлемдегі ең ірі бірлестік.Ол 163 елден тұратын стандарттау бойынша ұлттық органдар жүйесінен құралған.