деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Күлтегін» деп аталатын фильмнің авторы - белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы. Режиссері - Әсемғазы Қапанұлы. Күлтегін рөлін сомдаған - Қасымхан Бұғыбайұлы. «Бұл біздің алғашқы талпынысымыз. Қазіргі кезде бізде Сібір, Монғолия, Қытай Халық Республикасы, Орталық, Шығыс Түркістан және Орталық Азия аймақтарына жасаған зерттеу экпедицияларды қамтитын 30 сағаттық бейнематериал жинақталды. Оның негізінде тағы осы іспетті фильмдерді шығаруға мүмкіндігіміз бар», - дейді Қ.Сартқожаұлы. Ғалым атап көрсеткендей, алдағы уақытта байырғы түркілердің алпауыт ел тұтқалары - Тұй-ұқұқ, Білге қаған, Күллі-чор, Ел-етміш Білге Тұр-айын қаған және Орда-балық қаласы туралы бірнеше деректі фильмді түсіру жоспарланған. Бұл бастамаға ҚР Мәдениет министрлігі қолдау білдіріп отыр.