Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстан мен ТМД елдеріндегі исламдық қор нарығының дамыту» атты ІІ қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.
Оның сөзіне қарағанда аталған экономикалық форумға Ислам конференциясы ұйымына мүше 57 мемлекеттен 2,5 мыңнан астам инвесторлар қатыспақ. Аталған форум ағымдағы жылдың 7-9 маусымы аралығында өтеді.
Айта кетейік, биылғы жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ететін болады.