«Жаңа белес - 2013» ауқымды жастар жобасы - форматы жағынан бірегей шығармашылық іс-шара. Оған жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысады. Бұл балаларды жақындастырып, оларды бір үлкен отбасыға айналдырады», - делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы қалалық студенттікке қабылдау бірінші курс студенттерін қаланың қоғамдық өміріндегі белсенді қызметтік өміріне араластыруға, шығармашылық әлеуетті дамыту және студенттер арасында достық қарым-қатынасты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бірінші курс студенттерін құттықтауға Олимпиада чемпиондары, шығармашылық элита өкілдері, еңбек сіңірген оқытушылар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен студенттік жастар белсенділері шақырылған.
Бұл күні қаазақстандық эстрада жұлдыздары мен студенттік жастар ұжымдары сахнада өнер көрсетеді. «Арай», «Бәйтерек», Маржан Арапбаева, Әлішер Қайратұлы, Сон Паскаль, «Жайдарман» КВН командалары және т.б. студенттерді құттықтайды.
Студенттік вальс, флешмоб және басқа да көптеген тосын сыйлар бірінші курс студенттеріне арналады. Жастарға көптен күткен студенттік билеттер тапсырылады, деп хабарлады ведомстводан.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, жалпы қалалық студенттікке қабылдау Астана қаласының дәстүрлі шараларының біріне айналып, жыл сайын мыңдаған студенттің басын қосатын болады.