«Бүгін біз Астанада алғашқы электрондық коммерция орталығын ашып отырмыз. Содан кейін Алматы мен 16 облыс орталығында ашамыз. 2017 жылдың жарты жылында бүкіл Қазақстанды қамтымақпыз»,-деді орталықтың ашылуында журналистермен әңгімелескен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Б.Мусиннің айтуынша, электронды коммерция нарығы жылына орташа есеппен 25-30 пайызға артып келеді екен. Сондықтан, интернетпен сауда жасайтындарға және сатып алушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін «Қазпочта» АҚ электронды коммерция орталығын ашуды қолға алған. Жалғыз Астанананың өзінде «Қазпочта» 40 интернет дүкенге қызмет көрсететіні белгілі болды.
«Астанада 40 интернет дүкенге қызмет көрсетіп жатырмыз. Бірақ, оларға қызмет көрсететін орын болмаған. Бұл орталық - сол интернет дүкендерге ғана қызмет көрсететін орталық болады», - дейді ол.
Айта кетейік, Астанадағы алғашқы е-орталық сол жағалауда орналасқан.