Ал «112» желісі ертең, яғни, 22 қазан күні Астанада секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғатыны туралы смс-хабарлама таратуда. Айта кетейік, кеше «Қазгидромет» алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн суытатынын хабарлаған еді. Болжамға сүйенсек, ертеңнен бастап ауа райы түнде солтүстік өңірлерде -3-11 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде күн райы 5 градусқа дейін суытады.