Астанада алғашқы қазақ ғарышкері туралы «Теңдік белгісі» кітабының таныстырылымы өтті

АНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін «ҚазАқпарат» агенттігінің баспасөз орталығында белгілі журналист, біздің агенттігіміздің меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваның ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев туралы «Теңдік белгісі» кітабының таныстырылымы өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғабдоллатиф Мырзақұлов, «Қоғам-ТВ» телекомпаниясының директоры Шәкизада Әбдікәрімов және «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ вице-президенті Кенжеболат Жолдыбай қатысты.

С.Нұрғалиевтің атап өтуінше, деректі повесть қазақстандық ғарышкер, Ресей Батыры және Қазақстанның Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевқа арналған. Бұл кітапты жазу идеясы 2001 жылы келген болатын, ол кезде автор алғашқы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев туралы алғашқы шежіре дайындап жатқан болатын, алайда повесть кейіпкерінің өтінішімен оны жариялау хикаятты жаңа оқиғалармен айшықтау үшін кейінге қалдырылды. Бүгінде кітап «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ тапсырысы бойынша  жарыққа шығып отыр.

«Бұл кітапта тұңғыш рет Т.Мұсабаевтың балалық шағынан бергі ғұмырнамасы баяндалады, онда болашақ батырдың ғарышты бағындыру арманы бейнеленіп, соңғы кездегі кәсіби жетістіктеріне ұласады. Қазақстандық тұңғыш ғарышкер туралы әңгіме еліміздің бүкіл жастары үшін үлгі болады деп сенемін», - деді С.Нұрғалиева.

Кітап авторының айтуынша, басылымның алғашқы таралымы 5 мың дана. Кітап жоғары және орта оқу орындарына, кітапханалар мен мұражайларға таратылмақ.