Астанада алғашқы мемлекеттік нотариус ашылды

ыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Конституциясы күні қарсаңында бүгін Астанада алғашқы мемлекеттік нотариус өз жұмысын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік нотариалдық кеңсе Әділет министрлігі Астана қалалық департаментінің ғимаратында орналасқан.

Министрліктің Баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік нотариат институтының жаңғыруын халық жаппай қолдайды деп күтілуде. Себебі жеке меншік нотариустар көбінесе монополиялық жағдайларын пайдаланып, көптеген азаматтардың қалтасы көтере бермейтін жоғары тарифтерді белгілейді.

Астана қалалық Әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы Гүлия Қайсенованың айтуынша, мемлекеттік нотариус қызметіне төлем тек қана бекітілген мемлекеттік алым мөлшері бойынша жүргізілетін болады. Сондықтан мұндай жағдай әсіресе халықтың әлсіз жігі үшін оның жұмысын қажетсінетін деңгейге көтеретін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік нотариустардың пайда болуы бәсекелестікті тудырып, жеке меншік нотариустерді өздерінің тарифтерін төмендетуге ынталандыратын болады. «Мемлекеттік нотариустар тек қана Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жұмыс істейді. Ал, жеке меншік нотариустар құжаттарды растау кезінде көрсеткен қызметтері үшін  үстеме қосып отырады. Мәселен, зейнетақы алу үшін азамат сенімхат жасайтын болса, онда мемлекеттік нотариусқа 125 теңге төлейді. Ал, жеке меншік нотариустар мұндай қызметке 1 мың теңгеден көп ақша алады», деді ол.

 Оның айтуынша, келесі аптадан бастап мемлекеттік нотариалдық кеңселер республикамыздың барлық облыс орталықтарында ашылатын болады. Сонымен қатар, Әділет министрлігі еліміздің әрбір аудан орталығында және ірі қалаларында осындай кеңселерді  ашуды жоспарлап отыр.